29 Тамыз, 2013

Білім күніқарсаңында «Назарбаев зияткерлік мектебі» ашылды

652 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Облыс орталығында еліміздің Конституциялы күні және басталайын деп тұрған жаңа оқу жылы қарсаңында химия-биологиялық бағытта тереңдетіп оқытатын «Назарбаев зияткерлік мектебі» ашылды. Бұл еліміздегі 13-ші «Назарбаев зияткерлік мектебі». Енді бірінші қыркүйектен бастап облыс орталығында ашылған бұл мектепте 720 оқушы бі­лім алады. Сондай-ақ, мектеп жанындағы 120 орындық жа­тақ­ханада ауылдан келген балалар тұрады. Астаналық «Бек жо­лы НС» серіктестігі құрылыс жұ­мыстарын біраз кешіктірсе, биыл­ғы жылы уәделерін орындап шық­қандай.

 VNB8133

Құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Ерлан Арын Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде дарынды балалар үшін білім беру деңгейі шетелдегідей заманауи мектептер салынуда. Болашақта оқушылар қоғамдық өмірде рухани және спорттық шараларға бел­сене қатысып, жоғары жетіс­тіктерге қол жеткізеді деген се­нім­деміз, деп сәттілік ті­леді. Бұ­дан кейін «Назарбаев зият­кер­лік мектептері» дербес білім беру басқармасы» АҚ төрайымы Кү­ләш Шамшидинова білім оша­ғы келешекте дарынды балаларды тәрбиелеумен қатар, отандық және дүниежүзілік озық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, жалпы білім беретін мектептерге таратумен айналысатынын атап өтті. Ал, жаңа мектептің директоры Дәу­ірхан Пірмағанбетовтің айтуынша, мектептің 7,8,9,10 сыныптарында оқу үшін барлығы 2413 оқушы іріктеу кезеңінен өтсе, 639 оқушы Елбасының «Өркен» білім беру грантына ие болыпты. Жаңа мектеп 58 оқу кабинеттерінен тұрады, оның ішінде 18 тіл ка­би­неті, 5 физика және химия, 9 математика, 7 биология кабинеті бар. Келген қонақтар, ата-аналар мектептің математика, физика, биология, химия, кәсіби те­лестудия кабинеттері, жылы­жай, кітапхана бөлмелерін аралап көрді. Оқыту қазақ, орыс жә­не ағылшын тілдерінде жүр­гі­зіледі. Мектеп жаңа компьютер желілерімен, мультимедиялық кабинеттермен, интерактивті электронды тақталармен, жоғары жылдамдықты интернетпен, инновациялық бағдарламалық құралдармен, озық технологиялармен жабдықталған. Арнайы индустриялы даму кабинеттері бар. Мұнда оқушылар кез келген өндіріс ошақтарымен сабақ үстінде отырып-ақ бейнемүмкіндіктер арқылы танысып, мамандармен тілдесе алады. Роботтар оқу­шы­ның алақанын сезу арқылы орнынан қозғалды. Әрбір оқушы зерттеулер арқылы сызбалар жасайды.

Арман-қиялдан шындыққа айналған жаңа заманның ғажайып мектебі деген осы. Жаңа технологияларды білім беру үрдісіне пайдаланатын оқушылардан бо­лашақта жаңашыл ғалымдар өсіп шықпақшы. Құтты болсын! «Назарбаев зияткерлік мек­тебінің» оқушылары еліміздің өр­кендеуіне үлес қосатын рес­пуб­ликалық және халықаралық олим­пиадалардың, ғылыми бай­қаулардың жеңімпаздары оқитын үздік білім орталығына айналады деп сенеміз.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ПАВЛОДАР.