Яғни Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың жалпы саны 343 адамға жетіп отыр. Нұр-Сұлтан қаласында – 178, Алматы қаласында – 82, Атырау облысында – 16, Қарағанды облысында – 13, Ақмола облысында – 10, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 науқас анықталса, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында 2 науқастан тіркелген. Сондай-ақ Алматы облысында ауру жұқтырғандардың саны – 8, Қызылорда облысында 18 болса, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында 1 науқастан анықталды. Тағы бір айтары, елордалық 16, алматылық 8 пациент емделіп, жазылып шықты.
Өкінішке қарай, коронавирустан тағы бір науқас Нұр-Сұлтан қаласында көз жұмды. 50 жастағы азамат ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлер тыныс алу жүйесінің жеткіліксіздігі мен екі жақты пневмония болғанын айтады. Қант диабеті, инсулинге тәуелділігі мен артериялық гипертензиясы да науқастың жағдайын ауырлата түскен. Қабылдаған қарқынды терапияға қарамастан, науқаста полиоргандық, яғни тыныс алу, жүрек және бүйрек жетіспеушілігінің белгілері арта түскен. 31 наурыз күні сағат 03.30-да науқастың жүрегі тоқтаған.