Қоғам • 01 Сәуір, 2020

Үйден шықпа, үйде қал, үйде болшы! (видео)

1191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіл әлемге коронавирус індеті таралып, адамзатқа қауіп төніп тұрған шақта әрбір адамның үйден шықпай, оқшаулану шарасын бұлжытпай орындағаны абзал. Осы ойды тарату мақсатында ақындар оқырмандарына өлең арнап, үйден шықпауға шақыруда.

Үйден шықпа, үйде қал, үйде болшы! (видео)

Facebook желісінің қолданушылары Ақбота Бейбітбектің өлеңін таратуда.

Қос әлемнің терезе дәнекерi,
Жауапсыздың қазiргi жан өтеуі.
Есте болсын әрдайым үй iшiнде,
Отаныңның бөлшегі бар екені.

Тазалықтың денсаулық болса есімі,
Дерттің мына төнгендей мол кесірі.
Мың адамның өмірін сақтап қалар,
Бір адамның қабылдар оң шешімі.

Уайымдама, қалыпты күйде болшы,
Тәжін киіп тажал тұр түйреп осы.
Адамзаттың ертеңгі күнін ойлап,
Үйден шықпа,
үйде қал,
үйде болшы!

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше