Парламент • 01 Сәуір, 2020

Парламент Мәжілісінде комитет төрағасы сайланды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы сайланды.

Парламент Мәжілісінде комитет төрағасы сайланды

Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалып, Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы орны босады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы Заңының 8-бабына сәйкес босаған орынға Бейбіт Мамраевты ұсынды. Оның кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады.

– Бейбіт Мамраев осыған дейін көптеген жауапты қызмет атқарды. Соңғы жылдары Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы болып маңызды заңдардың қабылдауға өз үлесін қосып келеді. Осы салада білімі мен тәжірибесі мол. Сондықтан аталған комитетті басқаруға Бейбіт Мамраев лайықты деп есептеймін, – деді Нұрлан Нығматулин.