Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Түлкібас ауданында 62 мыңнан астам бетперде тегін таратылды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Түлкібас ауданында медициналық бетперденің тапшылығын жою мақсатында нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

Түлкібас ауданында 62 мыңнан астам бетперде тегін таратылды

Аудан әкімдігі ерікті тұрғындар мен кәсіпкерлерді және білім ордаларындағы еңбек пәнінің мұғалімдерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы бетперделер тігуді қолға алған болатын. Бүгінде сол жұмыстың нәтижесіне аудан тұрғындары куә болуда. Мысалы, күні кеше 112 мыңнан астам халқы бар ауданның 15 ауылдық округінде 62 мыңнан астам медициналық бетперде тегін таратылды. Тарату жұмысына әкімдік қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылған. Осылайша түлкібастықтар бірлесе бетперде тапшылығын шешуге өз үлестерін қосуда.

 

 Түркістан облысы