Қоғам • 01 Сәуір, 2020

Алматы облысы: партия мүшелері 12 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында аймақтағы мұқтаж отбасыларға 12 млн теңгеден астам сомаға көмек көрсетті. Қазірге дейін 793 әулет партия тарапынан нақты көмек алған.

Алматы облысы: партия мүшелері 12 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті

- Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күресті күшейту мақсатында халыққа көмек көрсетуге бағытталған «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы басталған болатын. Партия мүшелерінің, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының қолдауымен құны 12,3 млн. теңге болатын азық-түлік пен жеке гигиена құралдары сатып алынды. Біздің аймақтағы филиалдарымыздың, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілердің көмегімен  жалпы саны 793 отбасыға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және азық-түлік таратылды. Бұл қайырымдылық шарасы партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» жобасының аясында жүзеге асып отыр, - дейді Nur Otan партиясы, Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев.

 

 

Алматы облысы