Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Ақмола тұрғыны Жамбыл облысы аумағында болған

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде әлемді шарпыған коронавирус індеті елімізге де келді. Ел-жұртты әбігерге салған індеттің алдын алуда қазіргі кезде елімізде тиісті шаралар қабылдануда. Өкінішке қарай, ағымдағы жылғы 15-18 наурыз аралығында коронавирустан қайтыс болған Ақмола облысының тұрғыны тіркелгендігі хабарланған болатын. Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, Ақмола тұрғыны Шу және Меркі аудандарының аумағына келіп-кеткен.

Ақмола тұрғыны Жамбыл облысы аумағында болған

Медициналық және эпидемияға қарсы қызметтер марқұммен  байланыста болған 16 тұлғаны анықтаған. Шу ауданынан 10, ал Меркі ауданынан 6 адам тексерілген. Абырой болғанда, коронавирустық инфекциясына алынған қан талдауының қорытындысы теріс нәтиже көрсетті.

Бүгінде азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, коронавирустық инфекцияның белгілері жоқ. Олар 14 күндік карантиндік стационарға жатқызылған. Келген орындарында медициналық қызметкерлер эпидемияға қарсы қажетті іс-шараларды жүргізді.

 

Жамбыл облысы