Қаржы • 01 Сәуір, 2020

Доллардың бәсі артып келеді

188 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 13-27 наурыз аралығында теңгенің нарықтық бағамы 10%-ға (405,46-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 445,84 теңге деңгейінде қалыптасты деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Доллардың бәсі артып келеді

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 13-27 наурыз аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиға болды. Алдымен АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі негізгі пайыздық мөлшерлемені 0-0,25%-ға дейін төмендетті. Сондай-ақ коронавирустың әсерінен қаржылық келеңсіздікке қарсы бірқатар бағдарламаны іске қосы. АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі, сонымен қатар, әлемнің 9 жетекші орталық банкімен своп желілері арқылы «көк қағаздың» құнын арттыру бойынша келісілген шаралар туралы хабарлады. АҚШ Конгресі экономиканы ұстап тұру үшін 2 трлн доллар бөлуге келісім берді. Өткен аптаның ортасынан бастап дамушы елдердің валюталары әлемдік экономиканы қолдау жөніндегі ауқымды шаралар аясында тұрақтану белгілерін көрсетуде.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былай қалыптасты:

Үнді рупиясы 1,3%-ға (73,91-ден 74,85-ке дейін) әлсіреді. Үндістанның резервтік банкі жалпы сомасы 50 млрд долларды құрайтын өтімділікті қамтамасыз ету шаралары туралы жариялап, негізгі мөлшерлемені 5,15%-дан 4,4%-ға дейін төмендетті.

Түрік лирасы 1,9%-ға (6,33-тен 6,45-ке дейін) әлсіреді. Президент коронавирустың салдарымен күресу шараларын жариялады, экономиканы ынталандыру көлемі 15,4 млрд долларды құрады.

Бразилия реалы орталық банктің 3,75%-ға дейін төмендету туралы шешімінің аясында 5,4%-ға (4,84-тен 5,1-ге дейін) әлсіреді.

Мексика песосы S&P агенттігінің тәуелсіз рейтингті BBB деңгейіне дейін төмендету туралы шешімі аясында 6,5%-ға (21,92-ден 23,34-ке дейін) әлсіреді.

Ресей рублі мұнай нарығындағы теріс динамиканың және инвесторлардың тәуекел деңгейінің нашарлауы салдарынан 8,9%-ға (72,44-тен 78,92-ге дейін) әлсіреді.

Индонезия рупиясы мөлшерлемені 4, 5%-ға дейін төмендеткеннен кейін 9,4%-ға (14 778-ден 16 170-ке дейін) әлсіреді, экономикалық өсу болжамы 4,2-4,6% дейін түзетілді (5-5,4% - алдыңғы болжам бойынша).