Әлем • 01 Сәуір, 2020

Қытай экономикасын нығайтуға күш салуда

49 реткөрсетілді

Қытай экономикасы қайта бас көтерді. Әлемдік БАҚ өкілдері аспанасты елінің қаракетін қайта-қайта басылым беттерінде жариялауда.

Уханнан басталған ауыр дерттен енді есің жиған Қытай билігі баяғы сүрлеуіне қайта түсті. Бизнес саласы көлеңкеде қалмауы үшін біршама шара қолданды.

Әуелі ақша-кредит саясаты жеңілдетілді. Мемлекеттік органдар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономиканы ынталандыру үшін арнайы бағдарламаларды іске қосты. Ұлттық даму және реформалар жөніндегі комиссия медициналық мекемелерге және COVID-19 үшін емдеу материалдарына 300 миллион юань инвестициялады. Банктер арқылы зардап шеккен салалар мен шағын және орта бизнеске арзан несие берілді. Сонымен бірге, олардың төлем мерзімдері қайта қаралып, айыппұл салынбады.

Сарапшылар бұл шаралардың нарыққа тигізер пайдасы көл-көсір екенін айтуда. Бұл - көршіміздің қиын сәтте тапқан амалының басы ғана. Бүгінде Қытай экономикасының қалпына келуі тез жүруде, және олардың осы дағдарысты пайдаланып экономикалық бағытты түзеуге тырысып жатқандығы байқалады.

Соңғы жаңалықтар

Елдік нышандар тарихы

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар