Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Дезинфекциялық жұмыстар қай кезде және қалай жүргізіледі?

1232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығында 109 маман бар. Орталық мамандары онлайн режимде аудандардағы залалсыздандыру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерді дезинфекция жұмыстарының нұсқаулықтарымен таныстырды.

Дезинфекциялық жұмыстар қай кезде және қалай жүргізіледі?

Дезинфекциялық құралдармен жұмыс істеуге 18 жастан асқан азаматтар жіберіледі. Техникалық құралдармен жұмыс істегенде және дезинфекциялық ерітіндіні дайындау кезінде жеке бас қорғанышын сақтау үшін міндетті түрде арнайы қорғаныс киімін қолдану қажет. «Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу алдында міндетті түрде көршілерге ескерту жасалып, үйде науқас немесе мүгедек адамдар болмаған жағдайда жүргізеді. Сонымен қатар, үй егелеріне залалсыздандыру жұмыстарынан кейін белгілі бір уақытта бөлмелерге ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу, препараттың жағымсыз исі кеткенше желдетіп кіру қажеттігі ескертіледі» деді орталық өкілі Индира Әубәкірова. Дезинфекциялық жұмыс барысында темекі шегуге, тамақ ішуге, дезинфекциялық заттармен бірге тамақ өнімдерін сақтауға, тасымалдауға қатаң тыйым салынады. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін дезинфекциялық құралдарды әдістемелік нұсқамасына сай қолдану қажет және қараусыз қалдыруға немесе біреуге беруге болмайды. Жұмыс орындарында қолданылған құрал-жабдықтар да қараусыз қалмауы тиіс. Сондай-ақ онлайн таныстыруда мамандар абайсызда уланған жағдайда қолданылатын шаралар жөнінде толыққанды түсініктеме берді.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше