Қоғам • 01 Сәуір, 2020

Балмұздақ өндірісшілері карантин кезінде де көңіл-күй сыйлайды  

302 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Коронавирус пандемиясы кезінде өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалғыз жолы –  сыртқы әлеммен байланысты толық тоқтату.

Балмұздақ өндірісшілері карантин кезінде де көңіл-күй сыйлайды   

Карантин талаптарын басты назарда ұстап отырған «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті, жабық периметр коменданты Андрей Шиннің айтуынша, ағымдағы жылдың 17 наурызынан бастап Алматыдағы балмұздақ фабрикасы, шикізат және дайын өнімдер қоймасы жабық карантиндік жүйеге көшкен.

Компанияның қазіргі кездегі міндеті – өндірісті тоқтатпау және жаңа жағдайға жедел әрекет ету, толыққанды жабық технологиялық тізбекпен қамтамасыздандыру және өз өнімдерінің 100% қауіпсіздігіне кепілдік беру және қызметкерлер мен тұтынушыларға қолдау көрсету.

««Шин-Лайн» балмұздағы адам басқаруымен жүзеге асатын технологиялық үрдістерге негізделген. Фабрикада ТЖ кезінде әлемдік және қазақстандық сапа стандарттарына сай келетін балмұздақтың 30 аса сұранысқа ие түрі өндіріледі. Өнімнің түрлері азайғанымен, тұтынушылар тарапынан жиі сұранысқа ие балмұздақтар сатылымда бар. Жабық периметрдегі жұмыстың алғашқы кезеңінде өнім өндіру тәулігіне 30 тонна болса, қазіргі уақытта 60-қа жетті. Алдағы аптада тәулігіне 80 тонна балмұздақ шығару жоспарланып отыр. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, сатылым 2020 жылдың наурыз айында 26%-дан астам тонналық және 35%-дан астам ақшалай сипатта өсті. «Эскимо немесе пломбир – нан немесе қарақұмық сияқты бірінші қажеттіліктегі өнім емес, - дейді Андрей Шин. – Балмұздақта 100-ге жуық ағзаға пайдалы заттар бар. Біз тіпті витаминдермен қосымша байытылған жаңа түрді шығаруды қарастырудамыз. Сонымен қатар, балмұздақ ағзада бақыт гормоны серотониннің деңгейін арттыруға ықпал етеді, сондықтан көңіл-күйді көтереді және стрессті жеңуге көмектеседі».

«Шин-Лайн» шикізаты Малайзиядан, Оңтүстік Кореядан, Ресейден, Беларусьтен және Еуропадан алынды. Балмұздақтың сапасы мен дәмдік сипаттамаларына нұқсан келтірмей, импорттық шикізатты Қазақстандағы ингредиенттерге жоспарлы түрде ауыстыру жүргізілуде.

Қазіргі кезеңде өндірісте 400 қызметкер жұмыс істейді. Қызметкерлер үшін жатын орындары, гигиеналық талаптарға сай жатақхана, асхана, медициналық бекет жұмыс істейді. Жұмыс ауысымынан тыс белсенді демалуға арналған теннис үстелдері мен волейбол алаңы орнатылған.

Фабрика тәулік бойы жұмыс істейді. Жұмыс кестесіне орай санитарлық күндер де қарастырылған.  Жабдықтар мен үй-жайларды қажетті залалсыздандыру күн сайын жүргізіледі. Аймаққа кіретін көлікті дезинфекциялау және жүргізушілермен байланыссыз жұмыс істеу тетігі де ойластырылған: Барлық автомобильдер доңғалақтар мен корпусты дезинфекциялаудың арнайы аймағынан өтеді, құжаттар арнайы сыртқы контейнерлерге салынады.

 

АЛМАТЫ