Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Шымкентте 1 сәуірден бастап жылыту маусымы тоқтатылды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа температурасының жылуына байланысты қала әкімінің өкімімен 1 сәуірден бастап Шымкент қаласында жылыту маусымы тоқтатылды.

Шымкентте 1 сәуірден бастап жылыту маусымы тоқтатылды

Бес күнтізбелік күн ішінде тұрақты сыртқы ауаның орташа температурасы 8°С және одан жоғары болған кезде жылыту маусымын тоқтату туралы шешім қабылданады.

Жылыту маусымында апаттық жағдайлар мен техникалық кемшіліктер орын алған жоқ.

Айта кетейік, қаладағы 1903 көпқабатты тұрғын үй мен 110 денсаулық сақтау, 249 білім беру нысандары орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз етілген.

 

ШЫМКЕНТ