Әлем • 01 Сәуір, 2020

Қашаған кен орнында мұнай өндіру жалғасады, қызметкерлері қысқармайды

632 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

31 наурыздағы сауда-саттық кезінде  мұнай бағасы қымбаттады, әлемдегі ең үлкен тұтынушылардың бірі болып табылатын Қытайдың макроэкономикалық көрсеткіші жоғарылады деп хабарлады Росбалт порталы.  

Қашаған кен орнында мұнай өндіру жалғасады, қызметкерлері қысқармайды

Түнгі сағат 4:32-де Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстері барреліне 3,07% -ға көтеріліп, барреліне 27.23 долларға жетті, Батыс Техас WTI маркасының мамырдағы фьючерстері барреліне 6,17% -ға, 21,33 долларға дейін көтерілді.

«Қытай экономикасы індеттен айығып жатыр» дейді ресейлік сарапшылар. Бірақ өкінішке орай, әзірге бұл жаңалық Қытаймен шектеліп  тұр. Ал ЕО мен АҚШ, батыс елдерінің экономикасы әзірге мәз емес. Сол себепті ҚХР экономикасының күре тамырына қан жүгіре бастағаны мұнайдың қымбаттай беретінін білдірмейді. Алдағы уақытта мұнай бағасы қазіргідей қосарланған қысым жағдайында қала беруі де әбден мүмкін. 

«Қазіргі жағдайда мұнай нарығында тасымал жағы мәз емес, әлемдік мұнайға деген сұраныс күніне 10-15 миллион баррельге түсуі мүмкін. Сонымен қатар, сәуірде ОПЕК + пактінің ресми жұмысының аяқталуымен экспортшылардың бағалары бойынша қарама-қайшылық күшейуі мүмкін, бұл фактор да мұнай бағасына әсер етеді» деп ескертеді сарапшылар. Әлемдік экономикадағы жағдай «пандемияның таралу аумағы кеңіп барады.    Оның қалпына келуі үшін уақыт керек.  Қосарланған қысымның қыспағындағы экономиканың мұнайға деген тәбеті де біраз жылдарға дейін қалыпты жағдайға түспейді.

Сол себепті  сарапшылар пандемия да, мұнай айналысындағы теке-тіресті де ХХI ғасырдың беталысына ықпал еткен фактор ретінде ұзақ уақытқа дейін ұмытылмайтынын айтады.   

Мұнай бағасы бірден құлдырап, әлем шок алып қалды деп айтуға болмайды.  2020 жылдың қаңтардың басында Brent маркалы мұнайдың баррелі 65 долларды құраса, ақпан айының ортасында ол шамамен 58 долларға, ал Батыс Техас сорттары 53 долларға дейін төмендеді.

ОПЕК+ транзакциясының құлдырауы, 6 наурыздағы Венадағы кездесудегі мұнай өндіруші елдердің келіссөздерінің нәтижесі  мұнай бағасының түпкілікті төңкеріліп түсуіне көп әсер етті.  Бұл факторды ішкі нарық құмырадан босап шыққан алып перідей қабылдады. Бірақ  Сауд Арабиясы өндірісті ұлғайтуға және мұнай бағасын төмендету ниеттерінен танбады. Сол себепті дәл қазір мұнай бағасының көтерілуіне Қытай экономикасының жақсаруы аздық етеді. Сарапшылар ҚХР мен бірге АҚШ, Франция экономикасы қалыпқа келгенде ғана мұнай айналысындағы теке-тірестердің ықпалы әсер ете алмайтынын айтады.

Мұнай бағасы    төмендей бастаған сәттен бастап, қазақ үкіметі Солтүстік Каспий Консорциумы (НКОК) төтенше жағдай кезінде қандай шешім қабылдайтынына назар аудара бастаған еді. Бүгін жоспарларға сәйкес Қашаған кен орнында мұнай өндіруді жалғастыратыны белгілі болды.

Бұл туралы компанияның басқарушы директоры Ричард Хоув мәлімдеді.

«Біз үкімет пен акционерлер мақұлдаған өндіріс жоспарларын ұстанудамыз. Іс жүзінде наурызда мұнай экспорты өндірісті қалпына келтірген сәттен бастап 40 миллион тоннаға жетті. Жалпы, өндірістік операциялардың сенімділігі жоғары болып қала береді», - деді Хоув.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта өндіріс бұрынғы деңгейге қалпына келтірілді. Өндірістің қысқаруы немесе өндірісті тоқтата тұру әхірге әзірге компанияның жоспарында жоқ.

«Біз қызметкерлерімізді қысқартпаймыз. Біз өндіріс көлемін сақтап қалудың барлық мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз», - деп сендірді консорциум өкілі.

Сонымен қатар ол компания бизнестің коронавирусқа қарсы бастамасын қолдайтынын атап өтті. Сондықтан, НКОК медициналық жабдықты Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне шамамен 1 миллиард теңгеге берді.

Еске салсақ, 15 наурызда пандемияға байланысты Қазақстанда төтенше жағдай енгізілді. 2020 жылдың 19 наурызынан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанға карантин енгізілді, кейіннен басқа аймақтарда карантин енгізілді.
16-22 наурызда WTI бағасы 29,3% -ға төмендеді, бұл 1991 жылдан бастап апта сайынғы ең төмен түсу болды.

Brent бір аптаның ішінде 20,3% жоғалтты. Наурыздың басынан бастап мұнай бағасы шамамен 50% төмендеді.