Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Көкшенің көлдеріндегі көк мұз жұқарды

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы күндердегі ауа райының күрт жылынуынан өңірдегі өзен-көлдердегі мұз жұқарды. Әйтсе де, балықшылар кәсіптерін тоқтатар емес.

Көкшенің көлдеріндегі көк мұз жұқарды

Көкшенің баурайындағы сексен көл, Қорғалжындағы он сан су айдындарының бетіндегі мұз жұқарып, аңғал адамдарға қауіп төндіруде. Аңғал да емес, қармақ қызығы мұзы жұқарған көл бетіне жетектеп алып шыққан балықшы қауым қауіпті ескермей отыр. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мамандары көл бетінде тұрақты  түрде рейд жүргізіп, балықшыларды қатаң бақылауға алған.

Сақтық шараларын ескермеген балықшылар қайғылы жағдайларға душар болып жатады. Былтыр көктемгі балық аулау кезінде 1 балықшы  мерт болған. Қайғылы оқиға Астрахан ауданында орын алған. Аталмыш жағдай басқа балықшыларға сабақ болуы тиіс.

–Негізі 25 наурызда көктемгі балық аулау кезеңі аяқталады. Щучье көлінде балықшыларды мұзға жібермейді. Ал, бізде әлі де рұқсат беріп жатыр. Ал, мен  бүгін соңғы рет шықтым. Енді шықпаймын. Себебі, мұз жұқарып келеді,–дейді балықшы Виктор Погодин.

Қазіргі кезең көктемгі су тасқынының уақыты. Яғни, күннің күрт жылынуына байланысты өзен-көлдердегі мұз беті тез еруде. Осы қауіпті кезеңде балаларға мұз бетінде шаңғы тебуге және балықшыларға балық аулауға тыйым салынады.