Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Талап баршаға бірдей

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласында СOVID-19 вирусының таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдайдың талаптарын сақтамаған тағы бірнеше дерек тіркелді.

Талап баршаға бірдей

25 наурызда  жұмысын тоқтатпаған «Smokings» дәмханасы анықталған. Сондай-ақ мұндай тәртіп бұзғандардың қатарында «Түркістан» мейрамханасы да бар.

«Smokings» дәмханасының иесі 5 тәулікке қамауға алынса, мейрамхана иесіне 10 айлық есептік  көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Қалалық прокуратура жанынан төтенше жағдай талаптарын сақтауды бақылау мақсатында мобильдік жұмыс тобы құрылған. Оның құрамында полиция, санитарлық қызмет және өзге де жауапты басқармалар бар. Тәртіп бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Ал, біле тұра жалған ақпарат таратқан немесе төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабын бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.