30 Тамыз, 2013

Жалаулы жарыстар

251 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бокс. Жақында «Astana Arlans» клубының Бүкіл әлемдік бокс сериясындағы қарсыластары анықталды. Біздің команда WSB жаңа маусымында топтық кезеңде «Mexico Guereros», «Cuba Domadores», «Azerbaijan Baku Fires», «Russian Boxing Team» және «Hussars Poland» командаларымен кездеседі. Турнирдің төртінші маусымы жаңа ережелер бойынша өтеді. Енді спортшылар бес салмақ емес, он салмақ дәрежесінде сынға түседі.

 

Бокс. Жақында «Astana Arlans» клубының Бүкіл әлемдік бокс сериясындағы қарсыластары анықталды. Біздің команда WSB жаңа маусымында топтық кезеңде «Mexico Guereros», «Cuba Domadores», «Azerbaijan Baku Fires», «Russian Boxing Team» және «Hussars Poland» командаларымен кездеседі. Турнирдің төртінші маусымы жаңа ережелер бойынша өтеді. Енді спортшылар бес салмақ емес, он салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Биыл жаттықтырушылар кеңесі жаңа маусымда құрама сапында бес легионерді алып қалуды жоспарлап отыр. Команданың бас директоры Болат Манкеновтің айтуынша, Сергей Деревянченко, Филипп Хргович, Михай Нистор, Эхсан Рузбахани және Хрвойе Сеп команда сапында қалуға келісімін берді.

Футбол. Қазақстан құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу сы­нындағы кезекті ойындарына дайындықты бастады. Жақында коман­­­­даның бас жат­­тық­тырушысы Мирослав Беранек Фарер (6 қыркүйек) және Швеция (10 қыркүйек, Астана) құрамасына қарсы ойнайтын футболшылардың тізімін жариялады.

Қақпашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер»), Антон Цирин («Жетісу»), Самат Отарбаев («Ордабасы», Шымкент). Қорғаушылар: Қайрат Нұрдәулетов («Астана»), Андрей Порываев («Шахтер»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Алексей Мулдаров («Ақтөбе»), Виктор Дмитренко («Астана»), Марк Гурман («Қайрат», Алматы), Александр Кис­лицын («Қайрат», Алматы), Конс­тантин Энгель («Энерги», Коттбус, Гер­мания). Жартылай қорғаушылар: Нұр­бол Жұмасқалиев («Тобыл», Қостанай), Мақсат Байжанов («Шахтер»), Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Валерий Коробкин («Астана»), Дмитрий Шомко («Ертіс», Павлодар), Андрей Карпович («Ордабасы», Шымкент), Анатолий Богданов («Тобыл», Қостанай). Шабуылшылар: Таңат Нөсер­­­­­ба­ев («Астана»), Андрей Финонченко («Шах­­тер»), Сергей Хижниченко («Шах­тер»), Сергей Остапенко («Астана»), Алек­­­сей Щеткин («Атырау»), Игорь Юрин («Ертіс»).

Хоккей. Көкшетаудың «Арлан» хоккей командасы Қазақстан Кубогын иеленді. Финалда көкшетаулықтар «Ертіс-Павлодар» командасын буллитте жеңді. Ойынның негізгі уақытында есеп 2:2 болып аяқталды. Бұл «Арланның» екінші кубогы болып отыр.

Велоспорт. Испанияда өтіп жатқан «Вуэльта» көпкүндік жарысында «Астана» командасының өкілі Винченцо Нибали төрт кезеңнің қорытындысы бойынша әзір­ге бірінші орында келеді. Оның төрт кезең­де жинаған уақыты – 14:15:30. Одан кейінгі орындарды Кристофер Хорнер (США, «RadioShack Leopard») мен Николас Роч (Ирландия, «Saxo-Tinkoff») иеленіп отыр.

Ал күні кеше аяқталған төртінші ке­зең­ді «Катюша» командасының өкілі, испан­дық Даниэль Морено жеңіп алды. Екін­ші орынды Швейцария өкілі Фабиан Кан­челлера («RadioShack»), үшінші орынды австралиялық Михаэль Мэттьюс («Orica-GreenEdge») иеленді.

«Егемен-ақпарат».