30 Тамыз, 2013

Жеңілгенмен, жігері жасымаған

340 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қарағандының «Шахтеріне» жанкүйерлері дән риза

Бұрнағы күні түнде Шотландияның орталығы Глазго қаласында жергілікті «Селтик» пен Қарағандының «Шахтері» арасында Чемпиондар лигасы төртінші раундының екінші қарымта матчы ойналды. Кескілескен күрес үстінде өткен бұл матчта алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетіп, екі ойынның қорытындысы бойынша келесі кезеңге жолдама алды. Ал кеншілер командасы бұл кездесуде ұтылғанына қарамастан, футбол мамандары арасында өте жақсы әсер қалдырды.

 Қарағандының «Шахтеріне» жанкүйерлері дән риза

Бұрнағы күні түнде Шотландияның орталығы Глазго қаласында жергілікті «Селтик» пен Қарағандының «Шахтері» арасында Чемпиондар лигасы төртінші раундының екінші қарымта матчы ойналды. Кескілескен күрес үстінде өткен бұл матчта алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетіп, екі ойынның қорытындысы бойынша келесі кезеңге жолдама алды. Ал кеншілер командасы бұл кездесуде ұтылғанына қарамастан, футбол мамандары арасында өте жақсы әсер қалдырды.

Селтик-2

Жоғарыдағы сөздерімізге тағы бір дәлел үшін Ре­­сейдің белгілі спорт комментаторы Василий Уткиннің атал­мыш ойын бітер-бітпесте өз твиттеріне: «Осы жақ­сы әсерлері үшін, екі ойындағы көрсеткен рахаты үшін Қарағандыға алғыс білдіремін!» – деген жазу қал­дырғанын мысалға келтірсек те жетеді. Мұның соңы­нан ол енді жорық жолдарын Еуропа лигасында жалғастыратын «Шахтердің» Қарағандыда өтетін бар­лық ойындарынан репортаж жүргізетінін де айтыпты.

Ал мұндай алғысқа толы жылы сөздерді мыңдаған жанкүйер қауым сол күні түнде әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы жаппай жариялап жатты. Иә, қарағандылықтардың екі ойынның қорытындысында ұтылысқа ұшырап, келесі кезеңге шыға алмай қалғанына қарамастан, нағыз жанкүйер жұртшылық команданың ойынына өз ризалықтарын білдіруден танған жоқ. Бұған, әлбетте, бас жаттықтырушы Виктор Кумыковтың осы шешуші матч алдында айтқан қолдан келгеннің бәрін жасау жөніндегі уәдесі үдесінен табылғаны бірден-бір себеп болды. Расында да команда қолдан келгеннің бәрін жасады. Ол азуы алты қарыс айтулы қарсыласының алдында тізесін дірілдетіп, қалтыраған күйге түспеді. Кеншілер бүкіл ойын барысында өзіне тән жүйелі де тиімді ойынды көрсетуге күш салды. Кезі келгенде, қауырт шабуылға шығып, қарсы қақпа алдында қауіп те төндіре білді. Ең бір тәуірі, команда ойыншылары қандай бір сын сәттерінде, қиын кезеңдерде допты қақпа алдынан алысқа ұзатып салу үшін оңды-солды тепкілеу деңгейіне түсе қоймады. Ал мұндай үрдіс біздің құрамадан бастап, барлық жасақтар үшін бұрыннан жазылмай сақталған қағидат секілді еді. Міне, осындай ойындары арқылы «Шахтер» өзінің шынында да еуропалық деңгей дәргейіне жетіп қалғанын танытты.

Енді ойынға келейік. Өзіміз күткендей, «Селтик» кездесудің бірінші минутынан шабуылға басты. Біз осы алғашқы аптыққан жойқын жорықтардан аман шықса, бұдан әрі жерлестеріміз бой бере қоймас деген үмітте болғанбыз. Осы сәттерде қақпашы Александр Мокин өте тамаша өнер көрсетті. Оның әртүрлі сэйвтері арқылы қақпа туралай келген сан доптан аман қалды. Голкипердің осы сенімді ойыны сосын алаңдағы ойыншыларға ауыс­ты. Соның нәтижесінде олар таймның ортасына қарай ойынды теңестірді. Өкініштісі, бізге гол да тап осы алаңда тең ойын жүріп жатқан кезде соғылды. Ол таймға қосылған қосымша уақытта Крис Комманстың аяғынан келіп кірді. Шамасы, осы сәтсіздік әсер етсе керек, келесі таймның басында да біздің жігіттер күтпеген жерден оралымсыздық көрсетіп алды. Мұны Қарағандыда түк бітіре алмай қайтқан Гиоргиос Самарас қақпашымен бетпе-бет келіп, жақсы пайдаланып кетті. Осымен екі ойынның нәтижесі теңесті.

Бұл біздің жігіттерді жасытқан жоқ, қайта қайратына мінгізгендей көрінді. Бұл сәтте қарағандылықтардың жанталаса алға ұмтылуы қарсы жақтың ептеп үрейін туғызды. Сондықтан шотландтар ойынды алаң ортасынан әрі қарай өрбітпеуге барын салды. Ойын, әсіресе, таймның ортасында өзінің нағыз шарықтау шегіне жетті. Сол аралықта екі қақпаға да екі реттен қауіп төніп үлгерді. Бұдан әрі алаң иелерінің қауіпті сәттері көбірек болғанына қарамастан, ойын алма-кезек шабуыл сипатында өтіп жатты.

Бізге осы сәтте мәселені шешу овертаймға қалатындай болып көрінген. Шамасы, жігіттер де солай ойлап, аздап босаңсып қалса керек, матчтың бітуіне бір минуттай қалғанда, күтпеген ж