Әлем • 01 Сәуір, 2020

Қытайда мемлекеттік емтихан уақытының мерзімі ұзартылды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қытай Халық Республикасында Мемлекеттік кеңестің баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, онда бірлесіп сақтану, бірлесіп тізгіндеу механизміне сәйкес қауіп-қатер төмен аймақтарда білім беруді қалпына келтіру және шетелдегі қытайлық студенттердің жұқпалы аурулардан сақтану ахуалы туралы мәселелер айтылды деп хабарлайды Қытай Орталық телевизиясы.

Қытайда мемлекеттік емтихан уақытының мерзімі ұзартылды

Жиын барысында Оқу ағарту министрлігінің өкілі Уаң Хуи былай деген: «2020 жылы  мемлекет бойынша мектеп емтиханына барлығы 10 млн. 710 мың адам тізімделді. Биыл мемлекет бойынша жоғары мектеп емтиханы бір ай кешіктіріледі. Күзгі оқуды бастау уақыты да сәйкесінше ұзартылады.

Басқарма басшысының сөзіне сәйкес, Қытайда мектеп бітірушілердің емтиханы (біздіңше ҰБТ) бір ай кешіктірілмек. Сондай-ақ, күзгі оқу да өз уақытысынан кеш басталмақ. 

 

Соңғы жаңалықтар