30 Тамыз, 2013

Жаңа оқу жылына – жарқын істер

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Алматы қаласында «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ, «Ақпараттық Ресурс Орталығы» ӘҚ, «Нұр Отан» ХДП Алматы қаласы Алмалы аудандық филиалы мен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы: елдің даму тарихының жаңа кезеңі» ұтқыр көрмесінің ашылуы өтті.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларының халыққа кеңінен таралуы қазіргі таңда оларды зерттеудің дәстүрлі тәсілдерінің белгілі бір дәрежеде жаңғыртылуы мен реформалануын заңды түрде қажет етеді. Өзгертулердің түпкі мәні ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының мазмұнына, сондай-ақ ел Президенті Жолдаулары материалдарын зерттеуді ұйымдастыру үдерісіне тікелей жаңаша көзқарас қалыптастыруды қарастыруы тиіс.

Бұған дейін уақыттың жаппай кең ауқымды талабы мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағдайында ел Президенті сөздеріндегі материалдарды зерттеуге кеңінен қолданылып келген ақпараттық-рецептілік тәсілдер ендігі жерде тұрғындарды қоғамдық-саяси және еңбек белсенділігіне тиісті деңгейде жұмылдыруға қабілетті бола бермейді, ел Президенті Жолдауларын жұртшылықтың жақсы қабылдауы үшін тиісті өзгерістер мен жаңа қадамдардың қажет екендігін бұрынғыдан бетер айқындай түседі.

Көрме тұсаукесері үдерісінде тұрмыстары төмен отбасылары балаларына «Бірінші сынып оқушыларының керек-жарақтары» тапсырылатын «Мектепке жол» акциясы, сондай-ақ концерттік-музыкалық бағдарлама болып өтті.

Ұтқыр көрменің ашылу салтанатына Парламент Мәжілісінің депутаты К.Бұрханов, сондай-ақ Алматы қаласының қоғам мен мемлекет қайраткерлері қатысты.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар