Рас, әлемдік пандемияға байланысты жүлдегерлерді онлайн түрде хабарлаған. Қазақстан мен Франция бірігіп түсірген «Олма Джон» фильмінің түрлі ұлттардан құралған аралас командасы Италияға қолдау көрсеткен видеосын да осы жерде жариялаған. «Олма Джон» Виктория Якубованың дебюттік фильмі. Ол осы фестивальде таңдап алынған 45 фильмнің ішіне кірген болатын. Енді қазылар алқасының шешімімен «Үздік операторлық жұмыс» аталымы бойынша бас жүлдені еншілеп отыр. Киноның операторы Ескендік Нарымбетов үшін бұл жеңістің маңызы зор. Өйткені бұл оның халықаралық дәрежедегі тұңғыш жеңісі. Кинофестивальдің қазылар алқасы Ескендірдің жұмысын табиғат пен пейзажды кино кейіпкерлерінің арасындағы қақтығыстарды бейнелеуде сәтті пайдаланған деп бағалаған.
Қазақстандық кино оператор Ескендір Нарымбетов Туринде өткен халықаралық кинофестивальдің бас жүлдесін алды-деп хабарлайды 24.kz.
Жамбыл облысында жеке тұрғын үй отқа оранды
Оқиға • Бүгін, 18:20
Эльжана Таниева спорттық мансабын аяқтады
Спорт • Бүгін, 18:00
Әскери оқу орнының курсанты өрт кезінде батылдық танытты
Қоғам • Бүгін, 17:41
Қатонқарағайда қоңыр аю фототұзақты сындырып кеткен
Табиғат • Бүгін, 17:15
Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына екі медаль түсті
Қысқы спорт • Бүгін, 16:35
Сәтбаевта 900 бала балабақша кезегінде тұр
Аймақтар • Бүгін, 15:57