Экология • 01 Сәуір, 2020

Неміс ғалымдары пластикті ыдырататын бактериялар штаммын тапты

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғалымдар қоршаған ортаға зиянды пластиктерді жоюға ықпал ететін бактериялардың штаммын тапты. Science Alert мәліметтеріне сүйенсек, зерттеу барысында неміс ғалымдары тапқан полиуретанды пластмассадан толығымен ыдырауға ықпал ететін бактериялардың штаммы экологиялық залалдардың алдын алуға бағытталған қадамдардың бірі.

Неміс ғалымдары пластикті ыдырататын бактериялар штаммын тапты

Экологиялық зерттеулер орталығы зерттеу тобының мүшесі Герман Хайпипердің мәліметінше, пластмасса ыдырағанда бактериялардың көпшілігін өлтіретін улы және канцерогенді заттар шығарады. Ал жақында табылған штамм бұл әсерге төзімді келеді. Ғалымдар бұл жаңалықтың әлемде полиуретанды өнімдерді жою жолындағы маңызды қадам болатынына күмәнданбайтынын айтады.

Табылған бактерияларды өнеркәсіптік деңгейде пайдалану үшін әлі де көп жұмыс жасау керек. Ғалымдардың пікірінше, адамзат қоршаған ортаны ластап жатқан пластиктердің мөлшерін азайтуы тиіс. Нью-Йорктің қоршаған ортаны қорғау департаменті полиэтилен пакеттерін қолдануға және сатуға тыйым салғаны белгілі. Десек те ғалымдар жыл сайын Нью-Йорк тұрғындары қоршаған ортаға залал келтіретін 23 миллиардтан астам полиэтилен пакеттерін қолданатындығын айтады. 

АЛМАТЫ