30 Тамыз, 2013

Қарызды төлемесең жылусыз қаласың

255 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

batareya-893242848-230x173Жалпы, қазір облысты қэнергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының мәлімдеуінше, об­лыс­­тағы қалалар мен аудандардың қысқы маусымға дайындығы бекітіл­ген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жы­лу-энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын алдағы күз-қыс маусымына дайындауға сай өңірдегі электр стансалары күр­де­лі жөндеулерден өтіпті. Яғни электр­мен қамту желілерінің 2462,8 шақырымына және 745 қосалқы стансаға, 29 қазандыққа, жылумен қамту желілерінің 25,4 шақырымына, сумен қамту желілерінің 62,1 шақырымына күрделі жөндеулер жүргізіліп, 2399 тұрғын үйде қысқа дайындық жұмыстары жалғасуда.

Жалпы, қазір облысты қэнергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының мәлімдеуінше, об­лыс­­тағы қалалар мен аудандардың қысқы маусымға дайындығы бекітіл­ген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жы­лу-энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын алдағы күз-қыс маусымына дайындауға сай өңірдегі электр стансалары күр­де­лі жөндеулерден өтіпті. Яғни электр­мен қамту желілерінің 2462,8 шақырымына және 745 қосалқы стансаға, 29 қазандыққа, жылумен қамту желілерінің 25,4 шақырымына, сумен қамту желілерінің 62,1 шақырымына күрделі жөндеулер жүргізіліп, 2399 тұрғын үйде қысқа дайындық жұмыстары жалғасуда. Ал, облыс орталығын, Екібастұз қаласын электр энергиясымен жабдықтаушы компания «Павлодарэнергосбыт» серіктестігі облыстағы электр және жылу энергиясын өндірумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын «Павлодарэнерго» АҚ-тың еншілес компаниясы болып табылады. Бұл алып энергетикалық жүйенің құрамына облыс орталығындағы №2 ЖЭО, №3 ЖЭО, және Екібастұз жылу электр орталығы, Павлодар және Екібастұз қалаларының жылу желілерінің бүкіл кәсіпорындары, «Электржелілік тарату компаниясы» АҚ және «Павлодарэнергосбыт» ЖШС бар. Электр тарату желілерінің ұзындығы 15 800 шақырым, жы­лу беру желілерінің ұзындығы 749,5 шақырымнан астам. Электр стан­сала­рының қуаттылығы 627 МВт, жылу энергиясы бойынша 2102 Гкал/сағатты құрайды. Сонымен бірге, «Пав­лодарэнерго» АҚ еліміздегі ірі электр-энергетикалық компаниясы «Орталық Азия электр-энергетикалық корпорациясы» АҚ-тың біріккен энергетикалық холдингінің құрамына кіреді.

Бәрінен бұрын өкініштісі сол, кейбір тұрғындар жылу мен жарықтың қайдан келіп, қайдан шығып жатқа­нын білмей, тегін дүниедей көретінін коммуналдық қызметтерге төленбеген қарыздар тізімінен көреміз. Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша облыс тұрғындарының қарызы 457,9 миллион теңгені құрап отыр. Тұты­нушылар жылумен қамтуға 331,9 миллион теңге, электрмен қамтуға 90,0 миллион теңге, сумен қамту қызметтеріне 36,0 миллион теңге төлемеген. Бұдан бұрындары да қалалар мен аудандардың әкімдеріне мерзімінен кешіктірілген қарыздарды жабу және оны болдырмау бойынша тиісті іс-шаралар әзірлеу жөнінде тапсырмалар берілген-ді. Облыс әкімі Ерлан Арын қалалар мен аудандардың әкімдеріне, мемлекеттік органдар басшыларына қарыз мәселесін бақылауға алып, 1 қыркүйекке дейін көрсетілген коммуналдық қызметтер қарызын жабу бойынша қатаң шаралар жүргізуді, сондай-ақ, шалғайдағы және қала іргесіндегі ауылдардың электр, су, жылумен қамту нысандарын назарға алуды тапсырған болатын. Мысалы, Екібастұзда жылу энергиясына ақы төлемегендерден берешекті өндіріп алу үшін сот орындаушылары борышкерлердің үйіндегі жылыту құрылғыларын алып тастауды бастады. Яғни бірінші кезеңдегі мұндай қатаң шара тізіміне жылу энергиясына берешектерді өндіріп алу туралы сот шешімін орындамағандар ілінді. Сот орындаушыларының айтуынша, биылғы жылы қала бойынша тұтынушылардың жылу энергиясына мерзімі өтіп кеткен берешегінің жалпы көлемі 929 миллион теңгені құрап отырған көрінеді. Біз мұндай шараға амалсыздан барып отырмыз. Талап пен тәртіп бәрімізге бірдей. Сондықтан, жылыту құрылғыларын алу тәжірибесі көп қабатты үйлер мен жеке меншік секторындағы үйлерде тұратын борышкерлерге қолданылады, дейді «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ның Екібастұз қаласындағы бөлімше бастығы Татьяна Забелина.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.