«Тек наурыз айында ғана жұмыспен қамту орталықтары 12729 адамға жұмыс тауып берді. Сондай-ақ карантин жарияланған қалаларда 2331 адам қашықтан жұмыс тапты», деді Біржан Нұрымбетов.
Сондай-ақ ол жұмыссыздарға көрсетілетін көмектер жайында айтып өтті.
«Егер сіз жұмыссыз ретінде бұрыннан тіркелген болсаңыз және сізге ешқашан аударымдар түспеген болса, онда сізге әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік көмек түспеуі мүмкін. Бұл жағдайда кеше Президент айтып өткендей, жұмыссыз азаматтар мемлекеттен және әкімдіктерден азық-түлік жиынтығы түрінде көмек ала алады», деді ол.