Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Түркістан: Инфекция анықталған ауыл мен мөлтек ауданда карантин жарияланды

848 реткөрсетілді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде соңғы екі күнде орын алған жағдайға байланысты тұрғындарға үндеу жолдады. Бірінші сәуірде облыста COVID-19 вирусын жұқтырған азаматтардың саны 5-ке жетті. Науқастардың ахуалы қалыпты жағдайда, дәрігерлердің бақылауына алынып, емдеу жұмыстары жүргізілуде.

Эпидемиолог мамандар тарапынан бүгін тіркелген ауру ошақтарында залалсыздандыру, байланыста болғандарды табу және оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылған. Инфекция табылған Жетісай ауданындағы Әбдіхалық ауылы мен Жетісай қаласындағы мөлтек ауданда карантин жарияланды.

Облыс әкімі халыққа үндеуінде Жетісай ауданына дезинфекция, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласынан арнайы мамандардан құрылған мобильді топ жіберілгенін мәлім етті. Қосымша көмек ретінде медициналық жабдықтар мен  көліктер дайындалған. Облыстың өзге аудандарынан инфекционист және реанимотологтардан құралған 6 бригада Жетісайға аттанған.  Облыстың бас инфекционист дәрігері ауданда осы шараларға басшылық етеді. Керекті төсек-орындар, госпитальдар толық дайын.  Сондай-ақ облыс әкімі аудан әкіміне және тиісті органдарға елді мекендер шекарасына блок-бекеттер қоюды тапсырғанын мәлімдеді. Төтенше жағдай режимін бұзған азаматтар заң аясында жауапқа тартылатынын ескертті. «Ауданда инфекция ошағы мен қоғамдық орындарда  ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Бұл өңірде індеттің таралу қарқыны өте жоғары. Осы ретте облыс тұрғындарын төтенше жағдайға байланысты қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, тиісті тәртіптік шараларды сақтауға, дәрігерлердің нұсқаулықтарын бұлжытпай орындауға шақырамын», деді облыс әкімі үндеуінде.

Вирустың таралуын болдырмау мақсатында облыс аумағында барлық азаматтар медициналық бетперде киіп жүруі тиіс. Дүкендер мен қоғамдық орындарда бетпердесіз жүруге тыйым салынады. Тұрғындар үйден тек қана азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуы керек.  Отбасылық мерекелер мен той-жиындарды өткізуге қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды әлеуметтік желілерді шарлаған әртүрлі ақпараттарға сенбей, мемлекеттік органдар таратқан ресми мәліметтерге ғана мән беруге шақырды.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Covid-19: Тағы 3 адам көз жұмды

Коронавирус • Кеше

Covid-19: 184 адам жазылып шықты

Коронавирус • Кеше

Нүкте философиясы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар