Руханият • 02 Сәуір, 2020

Бүгін Роза Рымбаева екінші рет онлайн концерт береді

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында Роза Рымбаеваның екінші рет концерт өткізетінін айтты.

Бүгін Роза Рымбаева екінші рет онлайн концерт береді

басталғанына көп болмаса да көрерменнің ыстық ықыласына бөленген «Карантиндегі жұлдыз» жобасы туралы айтқым келеді. 23 наурызда алғашқы эфирі шыққалы бері «Қазақтелеком» бірлесіп, өткізіп келе жатқан концерттер LIVE форматында ұйымдастырылып келеді. Кеш барысында қазақстандықтар әлеуметтік желілер арқылы өнер жұлдыздарымен тікелей сұхбаттасуда. Осы жоба басталғалы бері Жұбаныш Жексенұлы, Сәкен Майғазиев, Жеңіс Сейдуллаұлы, Медеу Арынбаев, Ғаділбек Жанай, Нұржан Керменбаев, Роза Рымбаева сияқты жұлдыздарымыз өнерін LIVE форматында көрсетіп жатыр»- деді министр.

Роза Қуанышқызының өнерін Мемлекет басшысы жоғары бағалағанын еске салды.

«Бұл бізге үлкен абырой жүктейтін зор жауапкершілік. Аңдатпа ретінде айта кетсек, көрерменнің сұрауы бойынша Қазақстанның Халық әртісі бүгін де екінші онлайн концертін ұсынады», - деді министр.