Бүгін таңертең Алматы қаласының әуежайына гуманитарлық көмектің бірінші партиясы келді. Оның ішінде тепловизор, тест жиынтығы, медициналық бахила, қолғап, көзілдіріктер және медициналық киім бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлескен кезде Қытай тарапының Қазақстанға гуманитарлық көмек беруі туралы уағдаластыққа қол жеткізген еді.
Жақын арада Қытайдан тағы да медициналық қорғаныс құралдары келеді.
Алматы әуежайында жүкті «Фармация» СҚ, Алматы қаласындағы Сыртқы істер министрлігің өкілдігі, ҚХР Бас консулдығы күтіп алды.