Бұл жолы әскери қызметшілер бүрку арқылы залалсыздандыру әдісінен бөлек АРС-14 автоқұйылмалы стансалары арқылы көбікпен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Бүгінде қала көшелерінің 30% арнайы жуу-залалсыздандыру ерітінділерімен жуылды, деп хабарлайды Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының баспасөз қызметі.
«Арнайы залалсыздандыру ерітінділері ғимараттарды, қоғамдық орындар мен көшелерге арналған. Химиялық белсенділігіне қарамастан ертінді адамдар мен қоршаған ортаға зиянсыз. Осы күнге дейін арнайы бөлімше 1500 астам нысандарды залалсыздандырып, бұл жұмысқа 500 адам тартылды», - деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бастығының орынбасарсы подполковник Дархан Үмбетов.
Қаладағы зарарсыздандыру жұмыстарына Алматы гарнизоны бойынша барлығы 2000-ға жуық әскери қызметшілер тартылған. Бүгінгі күнге дейін арнайы бөлімшелер қала бойынша мектептер, балабақшалар, балалар алаңқайлары, аялдамалар, емханалар және терминалдар сынды көлемі 5 млн 138 002 м2 құрайтын 465 нысанында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараларды жүргізу үшін жеке құрам арнайы техникамен, газсыздандыру қорғаныс жиынтығымен және залалсыздандырушы ерітінділермен қамтамасыз етілген.
Карантин режимін қамтамасыз ету шаралары аясында Қарулы Күштердің әскери қызметшілері көшелерде жаяу патрульдеуге және қаланы айнала қоршай қойылған блокбекеттерде қызмет атқарып жүргендерін атап өткен жөн.
АЛМАТЫ