Қазақстан • 02 Сәуір, 2020

Көлік құралдарына арналған WMI коды Қазақстанда беріледі

546 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл Сауда жəне интеграция министрлігі хабарлады.

Көлік құралдарына арналған WMI коды Қазақстанда беріледі

Көлік құралдары жоғары қауіптілік көзі болып саналатындықтан, оларға сәйкестікті бағалау талап етіледі. Автокөліктің әрбір моделіне, қажет болған жағдайда дайындаушыны әлемнің кез келген нүктесінде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін WMI (World Manufacturers Identification) көлік құралын дайындаушының халықаралық коды әріптермен және сандармен жазылады. Қазір Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымның (ISO) тапсырмасы бойынша WMI кодтарының ғаламдық деректер базасын тіркеуді және жүргізуді АҚШ SAE (Society of Automotive Engineers) автомобиль инженерлері қоғамы жүзеге асырады. 

Кеңес одағы кезінде көлік құралдарының сәйкестігін бағалау бірыңғай орган арқылы жүзеге асырылды.  КСРО ыдыраған сәттен бастап әрбір ел сәйкестікті бағалауды алудың өз тәсілдерін іздеді. 

Осы мәселені шешу үшін Техникалық реттеу және метрология комитеті Стандарттау туралы заң жобасын әзірлеу кезінде Қазақстанда WMI халықаралық кодын беру рәсімін енгізу қажеттілігі туралы ұсыныс енгізді. Қазақстанның депутаттары бұл бастаманы қолдады. Мәселен, «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгеннен кейін отандық көлік құралдарын өндірушілер Қазақстанда WMI кодын өтеусіз негізде ала алады. 

Бұл үшін көлік құралдарын өндірушілер Техникалық реттеу және метрология комитетіне жүгінуі тиіс.   

WMI беру жөніндегі құзыретті ұйымның заңымен Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының (бұдан әрі – ҚазСтИн) Техникалық хатшылығы айқындалды. 

Техникалық хатшылық өтінімнің Халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру жөніндегі қағидаларға сәйкестігін жан-жақты қарауды жүргізеді және белгіленген тәртіппен WMI кодын береді.       

ҚазСтИн Техникалық хатшылығы алғашқы өтінімдерді қарады және қазір оң қорытындылар мен халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік көлік құралдарын жасаушы екі қазақстандық кәсіпорын – бұл «Town Machinery» ЖШС-ға (коммуналдық көлік құралдарын өндіру) және «BATYS TRAILER» ЖШС-ға (тіркемелерді жасау) берілді.   

SAE-ға ғаламдық деректер базасына тіркелу үшін хабарлама жіберілді.