Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Ақмолада әуе қатынасы қатаң бақылануда

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше облыс орталығына Ақтау-Көкшетау бағытындағы әуе рейсі келіп қонды. 30 жолаушы ұшып келді.  Көкшетаудың әуе қақпасы күшейтілген санитарлық бақылауға алынды. Олардың барлығы қатаң талап бойынша арнайы қауіпсіздік шараларынан өтті.

Ақмолада әуе қатынасы қатаң бақылануда

«Ақтау-Көкшетау» рейсімен келген барлық азаматтар алдымен мынадай сауалнама парағын толтырды. Мұнда азаматтың аты-жөні, мекенжайы тәрізді ақпараттар жазылады. Бұл ұшып келгендер арасында індет анықталса, оларды тез арада іздестіруге бағытталған шара қабылданады. Сондай-ақ, сауалнамадағы басты сұрақ соңғы 14 күн ішінде қандай елдерде болғандығы. Егер, жолаушы 1А категориялы елдерге барғанын растаса, 14 күн карантинге жатқызылады. Ал, өзгеБ санаттағы елдерден келген азаматтар екі аптада үй карантинінен өтуі тиіс.  

Вокзалдар мен әуежайларда отбасымен, жас балалармен сапарлап жүрген адамдарды әлі де кездестіреміз. Бұл үлкен қатер. Сондықтан, жағдайды жалпы жұртқа әлі де түсіндіруге тура келеді,–дейді облыстық көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Светлана Шаповаленко.

Әуежай қызметкерлері көліктегі қызмет пен қауіпсіздікке жауапты эпидемиологтармен күш біріктірген. Мамандар қашықтан дене қызуын өлшеу құрылғылары, жұқпалы індеттен қорғану костюмдерімен қамтамасыз етілген.

Карантин басталғалы облыс орталығындағы әуе тасымалы барынша шектелді. Мамандар басты жауапкершілік қарапайым тұрғындарда екендігін ескертеді. Төтенше жағдай режимінде қандай да бір сапарға шығудан бас тарту аса маңызды.