Әлем • 02 Сәуір, 2020

Филиппин: Карантин ережесін бұзған адамды атады

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел тұрғындарына коронавирус дертінің жайылу екпіні тізгін бермей күшеюінен алаңдаған Филипин басшысы Родриго Дутерте кеше кешке телеарна арқылы жалпақ жұртқа жар таратты.

Филиппин: Карантин ережесін бұзған адамды атады

– Жағдай күн өткен сайын күрделеніп барады. Сол себепті, бұқара көпшілік мені мұқият тыңдаңыздар, - деп мәлімдемесін бастаған Дутерте: «Мен елдегі карантин ережесін қадағалаушы полицейлерге тәртіпке бағынбағандарға күш қолдануға, тіпті атып тастауына болатыны жайлы тапсырма жүктедім. Күллі халықтың құрдымға кетуінен бейбастақ тәртіп бұзушының көзі жоғалғаны бізге тиімді» деді.

Мемлекет басшысының бұлай қатты кетуіне себеп, орталық Манила қаласында орын тепкен аумағы ат шаптырым жайма базар иелері мен сатушылар елдегі оқшаулау режиміне қарсы шығып, халық кімге сенерін білмей берекесіз толқулар бас көтерді. Нәтижесінде, 2500-ге жуық адам індет жұқтырып, олардың 96-сы көз жұмған.Бұл екі күн бұрынғы мәлімет. Соңғы хабарларға қарағанда филипиндіктер дерт жұқтырудан Азияда көш бастайтын түрі бар деген ақпар айтады ikon.mnсайты.

Ал адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар Родриго Дутертенің шешімі «жабайлылық» дегенді алға тартуда. Бұндай қатаң шара филипиндіктер үшін жаңалық емес екен. Өткен жылдары ел ішін жайлаған наркобизнесті жою үшін үкімет дәл осындай шешім қабылдаған болатын. Нәтижесінде талай мықты ғазез басынан айырылды. Бірақ қылмыс тізгенделді.