Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Түркістан: Әскерилер көмекке келді

807 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласына әскери күш кіргізілді. Алғашында тұрғындардың техникаларымен тізіліп келген әскерилерді көріп, тіксініп қалғаны рас. Бұл орайда, Түркістан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев тұрғындарды орын алып жатқан жағдайларға түсіністікпен қарап, дүрлікпеуге шақырды.

Түркістан: Әскерилер көмекке келді

Түркістан қаласындағы 7 бірдей блок-бекеттің тəртібін күшейту жəне шаҺар аумағын залалсыздандыру жұмыстарына көмек беру мақсатында 35748 əскери бөлімінен 200-ден аса əскери қызметкер және бірнеше əскери техникалар жұмылдырылды. Яғни бүгіннен бастап қала аумағындағы блок-бекеттердегі төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары мен тыныштықты күзетуге әскери қызметкерлер де атсалысады.

Одан бөлек, қала көшелері мен қоғамдық орындарда және аулаларда вирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстарына қатысады. Алғашқы күннің өзінде арнайы киім үлгісімен және тиісті құрал-жабдықтармен қамтылған 40 әскери қызметкер залалсыздандыру жұмыстарын бастады.