Кентаудан анықталған азамат Жетісай ауданынан шыққан науқаспен байланыста болған. Ал Ордабасы мен Сайрам ауданының екі тұрғыны Шымкент қаласында диагнозы расталған азаматтың туыстары. Науқастар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Сондай-ақ олармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде Түркістан облысында коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.