Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Түркістан облыстық мәслихат депутаттары үндеу жолдады

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында Nur Otan партиясы бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» акциясы шеңберінде облыс бойынша 1500 аз қамтамасыз етілген отбасыға түрлі көмек көрсетілуде. Аталмыш акция аясында арнайы қорға қаржы аударып, мұқтаж жандарға азық-түлікпен де көмектесіп жүрген  облыстық мәслихат депутаттары кәсіпкерлерге және іскер азаматтарға үндеу жолдады.

Түркістан облыстық мәслихат депутаттары үндеу жолдады

«Мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап бизнестің, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ерекше ден қойып, кәсіпкерлерге барынша қолайлы жағдайлар жасап келді. Ел Президентінің жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында, бағдарламалық құжаттарда ірі, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауды көздейтін түрлі шаралар айқындалды. Соның нәтижесі ретінде бүгінде қазақстандық бизнес ел экономикасының флагманына айналды», делінген үндеуде.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары республикалық қорға 122,5 млн теңге аударған. Сонымен қатар, аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік, гигиеналық құралдар түрінде 8,5 млн теңгенің көмегін көрсеткен. Облыстық мәслихат депутаттары үндеуде бұл игі істердің барлығы халықтың, тұтастай ұлтымыздың денсаулығы мен өмірі үшін жасалып отырған өте маңызды шаралар екенін айта келе, барша іскер азаматтардан, кәсіпкерлерден, ірі кәсіпорындар басшыларынан ел басына осындай күн туғанда аянып қалмастан, республикалық қорға қолдан келген көмектерін  аударуды сұрайды.