30 Тамыз, 2013

Галкин мен Пугачева ажырасып кетіпті

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пугачева и Галкин

Ресейдің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеулерінше, әйгілі әнші Алла Пугачева мен белгілі пародист Максим Галкин бірге тұруларын тоқтатқан сияқты. Бұл туралы «7 Дней.Ру» хабарлады.

Мәселе мынада, бұдан біршама уақыт бұрын Примадонна мен Галкиннің арасында айтарлықтай кикілжің туған көрінеді. Бұған Максимнің сырт жерде жасаған «махаббат машақаттары» себеп болыпты. Ол осы «амурлық қарым-қатынастарын» жасыра да қоймапты.

Журналистер маусым айында Алла Борисовнаның өте бәсең көңіл-күймен отельден шығып келе жатқанын көріп қалады. Бірақ әйгілі әнші өзінің Максиммен ара қатынасы, оның көзіне шөп салғаны туралы айтудан бас тартыпты.

Қауесеттерге қарағанда, Примадонна сол кездері Макстың харьковтен келген жас модельмен осы мейманханада жатқанын біліп қойғанға ұқсайды. Осының нәтижесінде жұлдызды жұп жан-жаққа тарап кетіпті.

Мұрат Айтқожа.