Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Мешітте бетперде цехы ашылды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сovid-2019 жұқпалы індетінің алдын алу бо­йынша Шымкент ор­талық мешіті жанынан шағын тігін цехы іске қосылды.

Мешітте бетперде цехы ашылды

Игі бастамаға Шымкент қала­сының Бас имамы Бақ­тыбай қажы Бейсенбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асырылды. Тігін цехында қа­лалық «Әйел-қыздар» сек­то­рының же­текшісі Балжан Дос­жа­но­ва­ның шә­кірт­тері мен ерікті 16 ті­гінші қыз-ке­ліншек еңбек етеді.

Негізгі мақсат – ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Нау­рызбай қажы Тағанұлы ха­зіреттің бастамасы аясында қолға алынып отырған «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасына қолдау көрсету.

Бүгінгі күнге дейін 2500-ден астам бетперде ті­гіліп, тиісті орындарға қайы­рым­дылық негізінде тегін үлес­тіріліп жатыр.

Ал бетпердеге қажетті ма­териалдарды орталық ме­шіт­тің найб имамы Мұха­мед­жан Естеміров пен іс бас­­қарушысы Абай Қамбар жә­не қалаға қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау ауданының бас имамдары демеушілер ар­қылы қарастыруда. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқ­тау­сыз жал­ға­сады дейді Шым­кент орта­лық мешітінің өкілдері.

 

ШЫМКЕНТ