30 Тамыз, 2013

«Шахтердің» Еуропа лигасындағы қарсыластары белгілі болды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахтер-Караганда

Қарағандының «Шахтер» командасының Еуропа лигасындағы топтық кезеңде ойнайтын қарсыластары анықталды. Ол Монакодағы Grimaldi Forum конгресс-орталығында бүгін өткен жеребе қорытындысы бойынша белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Қарағандылықтар топтық кезеңде енді Голландияның АЗ, Грекияның ПАОК және Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командаларымен күш сынасады.

Еске сала кетейік, биылғы еуропалық командалық турнирлер маусымын кеншілер клубы Чемпиондар лигасында бастаған еді. Онда үш кезеңнен өткен ол плей-офф шайқасында Шотландияның «Селтик» командасымен кездесті. Қарсыластарын өз алаңында 2:0 етіп тізе бүктірген «Шахтер» бұрнағы күні Глазгода өткен қарымта ойында 0:3 есебімен ұтылуға мәжбүр болды. Осылайша екі кездесудің қорытындысы бойынша қарсыласына жол беріп алды.

Бұған қосатынымыз, УЕФА Еуропа лигасының финалдық ойыны 2014 жылдың мамыр айында Итальяның Турин қаласының «Ювентус» стадионында өтеді.

Дамир Қожамқұл.

 

Соңғы жаңалықтар