Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Самарадан келген 57 студент бақылауда

166 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысына Ресейдің Самара қаласынан оралған 57 студенттің смартфондарына «GeoStatus» мобилдік қосымшасы орнатылып, бақылауға алынды.

Самарадан келген 57 студент бақылауда

- 30 наурызда Самара қаласынан 57 студент келген болатын, олардың смартфондарына «GeoStatus» мобилдік қосымшасын орнаттық, бұл қосымша карантин режимінің бұзылуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, өзін өзі оқшаулау орындарына тұрып, ұсынымдарды таратуды және олардың жай-күйі мен орналасқан жерін мониторинг жасауға, жедел медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді, - дейді Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ақылбек Ахметжанов.

Айта кетейік, 29 наурызда Батыс Қазақстан облысында 2 адам коронавирустық инфекциясын жұқтырғаны белгілі болған еді. Батыс Қазақстан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында қажетті ем-дом алып жатқан қос науқастың да жағдайы қанағаттанарлық. Одан бөлек, Кумыска кентіндегі провизорлық госпитальде – 57 адам, Бәйтерек ауданында ЖРВИ белгілері бар – 13 адам, облыстың карантиндік госпиталіне – аурумен қарым-қатынаста болған 28 адам жатқызылды. Олар күнделікті медициналық бақылауға алынған.

Мамандардың пікірінше Батыс Қазақстан облысы аумағында эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты, коронавирустық жұқпа бойынша жаңа оқиға тіркелген жоқ. Облыс аумағында күшейтілген карантин режімі енгізілді, Орал, Ақсай қалаларында, аудан орталықтарында ТЖ бөлімдері дауыс зорайтқышпен халыққа ақпарат таратуда. Орал қаласындағы алаңдар, көшелер, автобус аялдамалары мен орындықтарды жүйелі дезинфекциялау үшін 132 адам, 36 техника жұмылдырылған. Жаман айтпай жақсы жоқ, коронавирус инфекциясымен ауырғандар шыға қалса, оларды стационар мекемелеріне тасымалдау үшін Орал қаласында жоғары өтімді 5 техника, Ақсайда 1 көлік дайын тұр. Тұрғындардың кез келген сауалын қабылдап, жауап беру үшін жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

 

Батыс Қазақстан