Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Түркістан: Індет жұқтырғандар науқастармен байланыста болған

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 3 сәуір түске дейінгі ақпаратқа сәйкес,  коронавирус індетін жұқтырған  жалпы 5 адам тіркелді.  Сөйтіп өңірде коронавирус індетімен тіркелгендер саны 16-ға жетті.

Түркістан: Індет жұқтырғандар науқастармен байланыста болған

Оның ішінде  10 науқас Жетісай  ауданында,  Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал, Ордабасы және Сайрам  аудандарында 1 адамнан тіркелді. Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Сондай-ақ науқастармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

 

Түркістан облысы