«Бүкіл еліміз, тіпті бүкіл адамзат үшін сынақ болған осынау қиын кезеңде айналамызға азырақ шуақ, біз үшін басын қатерге тігіп, қауіпті дертпен күресіп жүрген жандарға құрметімізді көрсеткіміз келді» дейді мейрамхана өкілі.
Бұл акцияны дәрігерлер де, полиция қызметкерлері де өте жылы қабылдап, шынайы алғыс білдірді. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мақсұтхан Әбіләзімов әлеуметтік желі арқылы мейрамхана ұжымына алғыс айтты.
-Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауды, үлкенді құрметтеуді, мүгедектерді қолдап-қорғауды әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп санайды. Бүгінгі күні карантин кезінде сыртқа шығу мүмкіндігі болмаған адамдарға, оның ішінде қарияларға да азық-түлік, күнделікті керек-жарақпен көмек көрсетіп жүрген азаматтарымыз да аз емес. Бұл игі істері көпке үлгі болары сөзсіз. Бүгін блок бекеттерде қызмет атқарып жүрген полиция және медицина қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізіп, өз ықыласын білдірген қаламыздағы жеке кәсіпкер «NAVAT» мейрамханасының иесі Рахматуллин Ринат Рашитұлына және оның қызметкерлеріне өз атымнан және жеке құрам атынан алғысымды білдерімін. Елдегі ауызбіршілікті нығайтуға қосқан үлесіңіз үшін отбасыңызға амандық және береке-бірлік тілеймін, - дейді генерал.
Батыс Қазақстан