Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Қымбат қызмет көліктер мен жиһаздар сатып алынбайды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандемия салдарынан орын алған бүгінгідей күрделі кезеңге бюджет қаражаттарын үнемдеу аса қажет. Мұндай кезде бюджеттің кіріс бөлігінің ауқымы мен көлемі тарыла түсетіні дәлелдеуді қажет етпейді. Өндірістік кәсіпорындар мен өзге де өеркәсіптік құрылымдардың уақытша жұмысын тоқтатуына байланысты негізінен салықтық түсімдерден тұратын бюджеттің кіріс бөлігі 30-35 пайызға төмендеп кеткені де жасырын емес.

Қымбат қызмет көліктер мен жиһаздар сатып алынбайды

-Міне, үнемшілдік тәртіп пен жинақылықтың және етек-жеңді ықшамдап отырудың қажеттілігі де осында. Сондықтан да біз дәл қазіргі күні облыстық, республикалық және халықаралық деңейдегі спорттық шаралар мен жарыстарды оңтайландыру және өзге де қажетті техникалық жабдықтар мен тауарлар сатып алуды қысқарту есебінен бюджет қаражатының тиімділіг көтеруді ойластырып отырмыз. Сөйтіп тұтастай алғанда бүгінде облыс бойынша табаны күректей 15 миллиард тенгені үнемдеуге қол жеткізе алдық деді, -«Egemen.kz» тілшісіне Ақтөбе облысы әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Руслан Хамбаров.

-Жөн екен. Әдетте жергілікті атқарушы билік пен мемлекеттік органрың басшылары  өздеріне мемлекет қаржысы есебінен бағасы қымбат қызмет көліктері мен жиһаздар сатып алуға құштар келеді. Бұған не дейсіз?

Тілші тарапынан қойылған бұл сауалға ол былай деп жауап қайтарды:

-Облыста алдағы уақытта бюджет қаражатына бағасы қымбат шет елдік автокөліктер мен жиһаздар сатып алынуына жол берілмейді. Рі бұған бірде-бір теңге бюджет қаражаты бөлінбейді.

Бәріне уақыт төреші. Орынбасардың бұл уәдесінің растығын уақыт көрсетеді демекпіз.