Тағайындау • 03 Сәуір, 2020

Атырау: Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің өкімімен Азамат Серікболұлы Сәлімбаев Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы  болып тағайындалды.  

Атырау: Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Азамат Серікболұлы 1985 жылғы 20 шілдеде Шығыс-Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде қаржы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған. 2008-2010 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі өнеркәсіпті дамыту басқармасында эксперт;

2010-2013 жылдары Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігінде жоспарлау департаментінің бас эксперті;

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі өнеркәсіп саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау департаментінің бас эксперті;

2014 жылы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі өнеркәсіп және жанармай-энергетика кешені саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау басқармасының басшысы;

2014-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өнеркәсіп және жанармай-энергетика кешенінің бюджеті басқармасының басшысы;

2019 жылғы қазаннан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі, жанармай-энергетика кешенінің бюджеті және экономикалық қызметті дамыту басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2014 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің құрмет грамотасымен марапатталған.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ