31 Тамыз, 2013

Байқоңырда экологиялық департамент құрылатын түрі бар

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Протон

Байқоңыр ғарыш айлағында Ресей елімен бірлесіп экологиялық департамент құру мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы мәлімдеме жасаған Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың дерегіне сүйеніп, Gazeta.kz хабарлады.

«Байқоңыр ғарыш айлағы аумағында Қазақстанның экологиялық кодексі жүрмейді. Сол себепті бірлескен экологиялық департамент құру ісі күн тәртібінде тұр. Ол үшін Қазақстан мен Ресей елі арасындағы тиісті келісімге өзгерістер енгізуіміз шарт», -деді Н. Қаппаров ғарыш мәселесіне байланысты Байқоңыр қаласында өткізілген комиссия отырысында.

Осы айтылғанның бәрі «Протонға» қатысты көтерілген даудан туындап отыр. Ал мұның алдында Ресей елінің мамандары бұқаралық ақпарат құралы бетінде гептилдің улы зат екенін жоққа шығармап еді. Сондықтан Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты соның ішінде қоршаған ортаны сақтандыру жөніндегі нақты жұмыс енді қолға алынатын сыңайлы...

Данияр Түймебай.