Коронавирус • 03 Сәуір, 2020

Коронавирус жұқтырған 11 науқастың жағдайы өте қиын - Елжан Біртанов

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов індет жұқтырған науқастардың қазіргі жағдайы жайында айтып берді.

Коронавирус жұқтырған 11 науқастың жағдайы өте қиын - Елжан Біртанов

«Елімізде  соңғы тәулікте жалпы 453 науқас тіркелді. Олардың ең көп саны  Нұр-Сұлтан  және Алматы қалаларында.  Елордада 200 науқас, Алматы  қаласында 93 адам вирус жұқтырды. Өкінішке қарай, 3 адам індеттен көз жұмды. 29 науқас ауруханалардан емделіп  шықты», деді Елжан Біртанов.

Бұдан соң, министр қазір ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайы жайында сөз етті.

«Бүгінгі күні 11 науқастың жағдайы өте қиын. Олар интенсивтік реанимация бөлімшелерінде ем қабылдап жатыр. 68 науқастың жағдайы орташа деңгейде. 341 науқастың жағдайы жеңіл деңгейде. Осы науқастарға байланысты 13 467 қарым-қатынаста болған азамат тіркелді. Олардың арасында 442 азамат шетелге шығып кетті. Ал қалған 13 025 азамат біздің тіркелген науқастармен байланыста болған. Олардың 96,7 пайызы табылып, оқшауланды. Қазір олар стационарлық немесе үй карантинінде», деді ол.