«Мегаполисте 10 мыңнан астам адам қауіпті індетке тексерілді. Соның ішінде 93 жағдай расталды», – деп атап өтті спикер.
Ауырғандардың басым бөлігі мына рейстермен ұшып келген. Атап айтқанда, Мәскеу – 33%, Ыстамбұл – 25%, Берлин – 16%, Санкт-Петербург – 13%, Минск – 13%.
«Жас шамасына қарай алатын болсақ, індет жұқтырғандардың көбі 20-29 жастағылар. Екінші орында 30-39 жас және үшінші, төртінші орында 40-49 жас және тиісінше 50-59 жас та бар. 60 жастан асқан, яғни осал топтағылардың арасында 7 жағдай тіркелді», – деді А. Молдағасымова.
Брифингті қорытындылаған қаланың Бас санитарлық дәрігері мегаполисте тестілер, реагенттер, барлық қажетті аппараттар мен тексеру жүргізетін құралдар жеткілікті екенін атады.