«Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында АМӨЗ-де санитарлық режим күшейтіліп, зауыт аумағы мен әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін 5 электр аппаратты, 40 кг-ға жуық химиялық реагенттер, арнайы киімнің 80 дана жиынтығы мен бетперделер сатып алынды. Зауытқа клинингтік қызмет көрсететін мердігерлік ұйымдар – «АЙZA-Сервис» және «Газстройпроект ЖШС-терінің қызметкерлерінен 5 бригада құрылды. Залаласыздандырушыларға зауыт аумағында жүріп-тұру үшін арнайы көлік бөлінді. Сонымен қатар, барлық ғимараттар мен бөлмелерде, адамдар көп шоғырланатын орындарда дезинфекциялық құралдарды пайдаланып, ылғалды тазалық жұмыстарын жүргізу жиіледі» -деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ зауытқа екі кіре берісте ауысым персоналының дене температурасын күнделікті өлшеу мақсатында тепловизорлар орнатылып, 20 дистанциялық қызу өлшегіштер сатып алынды. Санитарлық тораптар, тамақтану бөлмелері, операторлар бөлмесі және үнемі адамдар жиналатын басқа да орындар антисептикалық құралдары бар дозаторлармен қамтамасыз етілді.
Қазір кәсіпорында жұмысшылары үшін сатып алынған 36 000 медициналық маска, «3М» маркалы 20 000 респиратор, 780 литр антисептикалық құралдардың 127 данасы, 50 мл жеке антисептикалық гельдердің 500 данасы бар. Бүгінге дейін өндірістік емес сектор қызметкерлерінің 86% қашықтан жұмыс істеуге көшірілді.
Жұмасат ҒАЗИЗ