Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Шымкент: Барлық блок-бекеттерде жедел жәрдем жұмыс істеуде

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін 2020 жылдың 31 наурыздың сағат 21:00-ден бастап бірнеше шектеу шаралары енгізілгені белгілі.

Шымкент: Барлық блок-бекеттерде жедел жәрдем жұмыс істеуде

Осыған орай, Шымкент қаласының кіреберістеріне 18 блок-бекет қойылған. Онда медициналық қызметкерлер мен құзырлы орган өкілдері әкімшілік қызметкерлері ауысыммен тәулік бойы қызмет атқарып жатыр. Көлік жүргізушілері мен оның салонындағы жолаушы міндетті түрде тіркеуге алынып, медицицналық құрылғымен тексеріліп өткізіледі.

Блок-бекеттерді қамтамасыз ету үшін 3 кезекте, 18 жедел медициналық жәрдем бригадасы, бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарынан 45 орта медициналық қызметкер (фельдшерлер, медбикелер) жұмылдырылды. Блок-бекеттердегі медициналық пункттер 52 байланыссыз термометрлермен, 71 обаға қарсы костюм жиынтығымен жабдықталған.

Еске сала кетсек, кеше қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттегі  бірқатар бекеттерді аралап, олардың жұмысымен танысқан болатын. Сапар барысында Мұрат Дүйсенбекұлы бірінші кезекте барлық бекеттерде «Жасыл дәліз» ұйымдастыруды тапсырды. Ол жерден тіршілікті қамтамасыз ететін көліктер азық-түлік тасымалдаушы машиналар мен транзиттік жүк көліктері басқа да арнайы техникалар кедергісіз өтеді. 

 

Шымкент