Елорда • 03 Сәуір, 2020

Қоғамдық көлік қозғалысының шектеу мерзімі ұзарады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты елорданың қоғамдық көлігі 13 сәуірге дейін жүрмейді. Бұған дейін шектеу 30 наурыздан 5 сәуірге дейін енгізілген еді. Бұл туралы «City Transportation Systems» көлік компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық көлік қозғалысының шектеу мерзімі ұзарады

Бүгін, 3 сәуір күні Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында тіршілік әрекетін қамтамасыз етумен және тұрғындардың денсаулығымен байланысты ұйымдарды қоспағанда, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында күшіне енген жұмыссыз режимді осы жылдың 13 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Осыған байланысты 13 сәуірге дейін елорданың қоғамдық көлігі жүрмейді. Қазіргі жағдайда Нұр-сұлтан қаласында қоғамдық көлік бірінші кезекте тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін мамандарды тасымалдауға бағытталған.

Бүгінгі күні біздің ортақ міндетіміз - экономиканың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, азаматтарды әлеуметтік қорғау үшін сыни салаларды қолдау. «City Transportation Systems» көлік компаниясы 30 наурыздан бастап арнайы бағдарларда елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, полиция және басқа салалардың қызметкерлерін тегін тасымалдауды ұйымдастырды.

Бұған қоса осы кезеңде көлік карталарын қашықтан және лезде толықтырудың барлық тәсілдері қолжетімсіз болады. Сондай-ақ барлық мамандандырылған кассалар мен RTVМ-автоматтар жұмыс істемейді.