Қазақстан • 03 Сәуір, 2020

Мүгедектік немесе еңбекке жарамсыздықты «Электрондық өтініш» сервисі арқылы рәсімдеуге болады

561 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мұның жай-жапсарын бүгінгі онлайн-брифингте Алматыдағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Әсел Бисенбаева. 

Мүгедектік немесе еңбекке жарамсыздықты «Электрондық өтініш» сервисі арқылы рәсімдеуге болады

– Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 25 наурыздағы №109 «Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, «Мүгедектікті және/немесе еңбекке жарамсыздық дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі коронавирустың тікелей байланысын болдырмау және таралуына жол бермеу мақсатында сырттай, электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Электрондық өтініш» сервисі арқылы өтініш пен қажетті құжаттарды қабылдау жолымен медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне бармай-ақ жүзеге асырылады.

Үй карантиніндегі адамдар үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары (еңбекке жарамсыздық парағы) медициналық ұйымдарға бармай-ақ рәсімделеді.

Тәулік бойғы стационарларда карантиннің әрекет ету уақытында жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету және ауруханаларға жоспарлы емдеуге жатқызу шектелетін болады. Бұл ретте, шұғыл бөлімшелер бұрынғыдай тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Барлық медициналық ұйымдарда көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда, оқшаулау үшін үй-жайлар бөлінген.

СОVID-19 ауруына күдікті пациенттермен кездесіп қалмауын қоспағанда, күнделікті пациенттердің легін (басқа нозологиялық аурулар бойынша) бөлу қарастырылды.

1 қаңтардан бастап 1 шілде аралығында Қазақстанның барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып есептелетіндігі баршаға мәлім.

Жеңілдікті кезең өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, тіркелмеген жұмыссыздар және қаңтар, ақпан, наурыз айларында жарна төлемеген жеке кәсіпкерлер міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болу үшін беріледі.

Карантиндік режимді, жарналарды және/немесе аударымдарды ескере отырып, Сіздер онлайн, мобильді қосымшалары арқылы төлей аласыздар, – Әсел Бисенбаева.