01 Қыркүйек, 2013

Елбасы Санкт-Петербургтегі «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нурсултан Назарбаев

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 5-6 қыркүйек күндері Санкт-Петербург қаласында өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысады. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.

Оқырманға осыны жеткізген BNews.kz тілшісі ресми өкілдің Елбасы бұл жиынға Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруы бойынша бара жатқанын баяндады. «Ресей Федерациясының Президенті және «Үлкен жиырмалық» тобының қазіргі төрағасы Владимир Путиннің шақыруымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургте 5-6 қыркүйекте өтетін «Үлкен жиырмалық» тобының саммитіне қатысатынын хабарлаймын», - деді Әбибуллаев.

«Үлкен жиырмалық» тобы G-20 халықаралық экономикалық және қаржылық күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелер мен аспектілер бойынша халықаралық ынтымақтастық алдында тұрған мәселелерді жұмыла талқылауға арналған халықаралық форум болып табылады.

«Саммитте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді деп күтілуде. Сонымен қатар, саммит аясында Елбасы осы саммитке қатысушы мемлекет және үкімет басшыларының кейбірімен екіжақты кездесулер өткізеді деп көзделіп отыр», - деп толықтырды ресми өкіл.

Сәкен Майлыбай.