Коронавирус • 03 Сәуір, 2020

Түркістан: Инфекция жұқтырғандар арасында нәресте бар

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 3 сәуір күні коронавирус індетін жұқтырған соңғы 3-еудің бірі 2019 жылы туған нәресте екені мәлім болды.

Түркістан: Инфекция жұқтырғандар арасында нәресте бар

Індет жұқтырғандар науқастармен қарым-қатынас жасаған. Мысалы, 1992 жылы туған науқас Сайрам ауданы, Қосбұлақ ауылының тумасы Біріккен Араб Әмірлігінен келген азаматпен, ал 1991 жылы туған азаматша мен нәресте Нұр-Сұлтаннан поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған.  

Қазіргі таңда  10 науқас Жетісай  ауданында,  Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал -3, Ордабасы - 1 және Сайрам  ауданында 2 адам тіркелді.  Жалпы өңірде коронавирус індетімен 19 адам тіркелген.
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.